20 там, 2018 сағат 11:50

Алдағы тәуліктерде күн салқындайды

Синоптиктер 2018 жылғы 21-23 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады. Алдағы үш күн бойы республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде күн салқындап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Батыс Сібір аудандарынан келген салқын ауа массаларының Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарына ықпалы сақталып қалады. Осыған байланысты аталмыш мерзімнің басында бұл аудандарда ауа райы бұлты болады, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Елдің батысында аптаның ортасында ауа райы температурасы төмендейді, ал өзге өңірлерде 20-25 градусқа дейін күн ысиды, кей жерлерде ауа температурасы 30-35 градусқа жететін болады», делінген хабарламада.