28 қар, 2018 сағат 10:30

Алдағы тәуліктерде күн күрт суытады

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың солтүстік-батысқа ауысып, Баренц теңізі жақтан арктикалық ауа массаларын әкелетінімен байланысты. Күн суытар алдында Қара теңіз циклоны мен онымен байланысты атмосфералық ағындар республиканың солтүстігіне қарай жылжиды. Нәтижесінде қар, бұрқасын, батыстан қатты жел соғып, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.