04 шіл, 2018 сағат 14:43

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық күтіледі

Еліміздің бірнеше өңірінде алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Астана мен тағы бес облыста ескерту жарияланды.

5-7 шілде күндері Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз 40 градус ыстық сақталады.

6-7 шілде күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз 40-42 градус ыстық күтіледі.

6-7 шілде күндері Ақмола облысында күндіз 35-38 градусқа дейін ыстық болады.

Астанада 7 шілде күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ, 7 шілдеде Қызылорда облысында 42-43 градусқа дейін ыстық болатыны айтылады.

Қостанай облысында 4-5 шілдеде желдің жылдамдығы сағатына 15-20 метрге дейін күшейіп, кейбір жерлерде жауын жауады.