24 жел, 2018 сағат 14:46

Алдағы күндері аяз 40 градусқа жетуі мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет 25-27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің болжауынша, Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облыстарына қатты аяз әкеледі.

«Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32...37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25...30° дейін аяз күтіледі.

Тек еліміздің батыстағы өңірлерінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады және күндіз температура 0- минус 5 градусқа дейін суытады, оңтүстік-батыста 0...5 градусқа дейін жылынады», делінген хабарламада.