09 қаң, 2019 сағат 08:58

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде Қазақстанның батыс облыстарында күн жылынып, қалған өңірлерде ауа райы қайта суытады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Орта Азия аудандарынан жылжыған циклон республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жаңбыр мен қар әкеледі. Соған байланысты көктайғақ болып, тұман түседі, шығыста қарлы боран соғады.

Алдағы күндері ауа температурасы аздап көтерілгенімен, 11 қаңтарда, әсіресе Қазақстанның шығыс аудандарында күрт төмендеп, түнде минус 30...37 градусқа дейін аяз болады.

Республиканың солтүстік және орталық облыстарына жоғары атмосфера қысымының ықпалы жүріп тұрғандықтан, тек кей аудандарда ғана қар жаууы мүмкін, ал түнде ауа температурасы минус 28...35 градусқа дейін төмендейді.

Батыс облыстарда аздаған аяздан кейін күн жылынып, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін.