21 қар, 2018 сағат 10:25

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы 22-24 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Бұл күндері Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел соғады, көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдай Батыс Сібірдегі белсенді циклонмен байланысты атмосфералық ағындардың өтуі кезінде байқалады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын күтіледі. Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, қар аралас жаңбыр күтіледі, ал 24 қарашада таулы аймақтарда қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болуы ықтимал және батыстан күшті, екпінді жел соғады.