20 шіл, 2018 сағат 23:47

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 21-23 шілде күндерінің ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

«Қазақстанның солтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жоғарғы циклон жылжып, осы аймақтарда жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр жауып, кей жерлерге бұршақ түседі. Күшті жел соғып, ауа температурасы төмендейді», - делінген хабарламада.

Осы циклон республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райына ықпал етеді.

«Мұнда кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Өткінші жаңбыр жауып, жылдамдығы 15...23 м/с болатын жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте және орталықта әдеттегіден 2...3 градусқа төмен болады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік-шығыс және батыс бөлігінде аптап ыстық басылады», - делінген хабарламада.