13 шіл, 2018 сағат 12:30

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

"Тропосфералық процестердің қайта құрыла басталуы Сирия және Ирак аймағынан ыстық ауа массаларын Қазақстанның батыс бөлігіне және республиканың оңтүстігіне әкеледі", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Оның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, температура плюс 40…43°С дейін қайта көтеріледі.

Ал республиканың шығыс бөлігіне Сібірден салқын және дымқыл ауа біртіндеп түсе бастайды. Сондықтан мұнда жылы ауа-райы сақталады, кей жерлерде найзағай, екпінді жел мен өткінші жаңбыр болжанады. 

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болады, бірақ батыс облыстарда қалыпты нормадан 3…7°С жылырақ болады.