18 сәу, 2018 сағат 11:42

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 19-21 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын тоқтайды.

"Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында жауын-шашынның тоқталуы мен ауа температурасының көтерілуі мүмкін. 21 сәуірге қарай, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады. Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде", - деді синоптиктер.