12 ақп, 2018 сағат 11:27

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстандағы 13-15 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жоғарғы циклон мен атмосфералық ағындар алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағымен өтетін болады. Кей жерлерде қар жауып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Еліміздің солтүстік өңірлерінің кей жерлерінде бұрқасын болса, оңтүстікте көктайғақ күтіледі», - деп хабарлайды синоптиктер.

14-15 ақпан күндері еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймақтарында қалың қар жаууы мүмкін.