#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады

  • 07.11.2018
  • 0
  • 455

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Баренц теңізі аймағындағы суық атмосфералық ағындармен бірге Қазақстанға арктикалық ауа массалары ауысады. Егер соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, алдағы үш тәулікте күн суытып, қалыпты нормадан 3.....8°С төмен болады. Сондай-ақ, жауын-шашын, қар, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыс бағыттан жел есіп, түнгі ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде 20° аяз болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің болжамында. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар