#
#
Бейсенбі 14/11/2019

Алдағы 5 жылда жаңартылатын энергия көздері екі есе артады – зерттеу

  • 22.10.2019
  • 0
  • 111

Әлемдік энергетика агенттігі күн энергиясы ғалымдар болжағаннан да жылдам дамитынын айтты, деп жазады The Guardian.

«Әлем бойынша жаңартылатын электр энергиясы ғалымдар күткеннен жылдам дамиды, сонымен қатар алдағы бес жылда 50%-ға артады. Халықаралық энергетика агенттігі күн, жел және гидроэнергетика саласының жобалары соңғы төрт жылда дамып жатқанын хабарлады», деп жазады басылым.

Мамандардың айтуынша, 2024 жылы арзан күн энергиясының қуаты әлем бойынша 600 ГВт-қа жетеді. Ал алдағы бес жылда бұл 1200 ГВт болады.

«Ғалымдардың айтуынша, жаңартылатын энергия көздері әлем бойынша мұнай мен көмір сұранысын кемітеді. Қазіргі таңда әлемдегі электр энергиясының 26% жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі», деп жазады автор.

Халықаралық энергетика агенттігінің хабарлауынша, жаңартылатын энергия көздерінде күн энергиясы басым болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар