15 сәу, 2019 сағат 09:48

«Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері белгілі болды

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газеті хабарлады.

Қазақстан Жазушылар одағы Секретариат мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуір күні Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018 жж.) төмендегі қаламгерлерге берілді.

2017 жылдың иегерлері:

1. Ғұсман Жандыбаевқа «Арман ауыл» өлеңдер жинағы

2. Нұрдәулет Ақышқа «Рақымсыз көк тем» әңгімелер жинағы

3. Сайлаубай Жұбатырұлына «Абыржы» 3 томдық шығармалар жинағы

4. Қайсар Әлімге «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа». Хикаят сапарнама, (екі тілде);

5. Шәмшабану Хамзаға ІІ томдық шығармалар жинағы; 

6. Мира Шүйіншәлиеваға «Ар азабы» пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы

7. Дәулеткерей Кәпұлына «Терісбұ рау» өлеңдер жинағы

8. Мырзан Кенжебайға «Өттің, дүние» өлеңдер жинағы

9. Сайлаубай Тойлыбаевқа «Сар но қай саздары» ІІ томдық өлеңдер жинағы

2018 жылдың иегерлері:

1. Нармахан Бегалиевке «Жаз – жалбыз» өлеңдер жинағы

2. Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағы

3. Байбота Қошым-Ноғайға «Жұмақ нұры» өлеңдер жинағы

4. Нұржан Қуантайұлына «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағы; 

5. Дәурен Қуатқа «Бөрісоқпақ» әңгімелер жинағы

6. Өмірзақ Қажымғалиевке «Жаңғырық» трилогиясы

7. Мінуар Әкімхановқа «Көңілге тұнған көп сурет» өлеңдер жинағы

8. Патигүл Мақсатоваға (Патям) «Хар пәсил нин гузаллиги бар» өлеңдер жинағы

9. Әмина Құрманғалиқызына «Әулет пен нәубет» шығармалар жинағы

10. Серікбай Оспановқа «Алқоңыр» өлеңдер жинағы