13 мам, 2019 сағат 07:59

Алакөлге қосымша екі пойыз қатынайды

 

Жаз айларында қосымша пойыздар қатынайтын болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлайды.

Атап айтсақ:

- «Алматы-Орал» бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта - Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады.

Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен біріге отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады.

Олар: - №457/458 «Семей-Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап тамыздың 31-не дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты - 17 сағат 13 минут. 

- №459/460 «Өскемен-1 - Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап 31-ші тамызға дейін күн ара жүреді. Жолдағы жүру уақыты - 18 сағат 57 минут.