05 мау, 2020 сағат 16:22

«Әл-Айн» Бауыржан Исламханға келісімшарт мерзімін ұзартуға ұсыныс жасады

Футболдан Біріккен Араб әмірлігінің «Әл-Айн» командасы қазақстандық Бауыржан Исламханға келісімшарт мерзімін ұзарту жөнінде ұсыныс білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Команданың бас бапкері Педру Эмануэл ойыншылары қатарында Бауыржан Исламханды да сақтап қалуға ниет білдірді. Қазір аталған ұжым алдағы оқу-жаттығу жиыны жөніндегі дайындығын пысықтап жатыр. 

Команда сайтында жарияланған хабарламада бас бапкердің Бауыржан Исламханға ұсыныс білдіру жөніндегі пікірі айтылған. Егер ол аталған клубтан кеткен жағдайда орнына өзге футболшыны тарту мәселесі қарастырылады. 

Оқу-жаттығу жиыны Біріккен Араб әмірлігінен тысқары жерде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Қазір онда ауа райы өте ыстық. Мұнда ел чемпионаты тамыз айында қайта жалғасады.