15 мам, 2018 сағат 09:15

Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақжүректің ағасы, танымал әнші Досымжан Таңатаров өз парақшасында хабарлады.

«Алланың қалауымен кешегі еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, азия чемпионы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ақжүрек інім Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директоры болып тағайындалды. Інімнің ісіне береке беріп, жас таланттардың танылуына үлес қосатын басшы болсын», - деп жазды ол.