#
#
Сейсенбі 10/12/2019

«Ақылды роботтар» адамдармен тең құқылы бола ала ма?

  • 31.08.2019
  • 0
  • 3238

Жасанды интеллектінің таралуымен адамзат баласының жаңа технологиялардың алдындағы жауапкершілігі күн сайын артып келеді.

Адам сияқты сана-сезімге ие, белгілі тақырыпта ой түзіп,, мақсатты түрде әрекет ететін роботтар бізбен қатар өмір сүретін әлемді елестетіп көріңізші. Олардың бізден айырмашылығы – денесі жасанды механизмдерден құрастырылып, қалаған уақытта қосып немесе сөндіріп қоюға болатынында.

Ғылыми фантастикалық фильмдер шындыққа асып, робот достарымыз біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған уақытта көптеген әлеуметтік мәселелер туындауы мүмкін. Мысалы, біз олардың алдында қандай жауапкершілік сезінеміз? Олардың бізге қатысты қандай жауапкершілігі бар? Олардың қандай құқықтары қорғалуы керек? Осы сияқты жауапкершілік пен ар-ұждан тақырыбы Ян Макеванның «Machines Like Me» атты соңғы романында қозғалады. Романдағы басты оқиға адам сияқты саналы әрекет ететін, сұлу да сымбатты робот Адамның айналасында өрбиді. Жасанды интеллектінің негізін қалаушы, өнертапқыш ғалым Алан Тьюиңнің керемет өнертабысын Адамды Чарли өз мақсаты үшін сатып алады. Өте ақылды әрі тапқыр Адам Чарлидің ғашығы Мирандаға жасаған зерттеуінде оны «өтірікші, залым» деп шынайы бейнесін ашады. Роман барысында Адам Чарли мен Миранданың озбырлығына қарсы шығып, әдептілік қағидаларын берік ұстанады. Автор романның соңында оқырманға адамды адам еткен қандай қасиет һәм жасанды интеллектінің алдына жауапкершілік ұстану керекпіз бе деген ой тастайды.

Саналы машина ретінде роботтарға құрмет көрсету мәселесі үнемі қызығушылық туғызатын тақырып. Бірақ екі үлкен аргумент есебінен, бұл тақырып өз маңызын жояды.

Бірінші, роботтардың адамдармен қатар өмір сүруі мүмкін емес. Екінші, жауапкершілік пен ар-ұждан мәселесі адамзат баласы ғана тән сипат. Дегенмен, бұл аргументтерді әлі де талқылауға болады.

Сана, материя және жаңа қасиеттер

Біздің түсінігіміздегі адамның санасы, ойлау қабілеті, сезімдері қолдан жасалған «компьютер адамдарға» еш ұқсамайды. Адамның миы мен сана сезімдері машинаның санасынан үлкен айырмашылық туғызады.

Француз әлеуметтанушысы Эмилья Дюрхамның айтуынша, әлеуметтік ғылымдағы біз үшін ұсақ-түйек болып көрінген нәрселерге мұқият болуымыз керек. Тіл сияқты әлеуметтік құбылыс психологиялық және биологиялық қасиеттерге ие адамдар қолданбаған жағдайда тіршілігін жоятын еді. Алайда, біздің айтып отырған әлеуметтік құбылысты тек қана психологиялық немесе биологиялық қасиеттермен байланыстыруға болмайды.

Жаңа қасиеттер барлық ғылым саласында кездеседі. Мәселен, компьютер дегеніміз міндетті түрде пластик, электрлік сым, силикон чиптен тұрмауы мүмкін. Сол сияқты, компьютердегі операцияларды оның жекелеген бөлшектерінің қасиеттеріне қарап түсіндіре алмаймыз. Компьютер толыққанды жұмыс істеуі үшін, жоғарыда айтылған компоненттер бірігіп, электрге жалғануы керек. Ал компьютерлер бір-бірімен байланысқа түскен кезде, интернет пайда болады. Бірақ интернет пен заттық сипатқа ие компьютердің бір-біріне ұқсамайтын құбылыс екені айдан анық.

Сол сияқты, сана мимен байланысса, ми молекулалардан, молекула атомдардан мен басқа да ұсақ бөлшектерден тұратынын білеміз. Осындай әртүрлі бөлшектер біріккен кезде ғана ми сияқты күрделі материя пайда  болады.

Сондықтан адам ойланып, шешім қабылдауы үшін санасын пайдаланғаны сияқты, бір күні роботтарда сондай қасиетке ие болады. Бұл нәрсе ерте ме, кеш пе, іске асуы мүмкін және кез келген адам бұл теориямен дауласа алады.

Робот адаммен тең бе?

Біз қайтыс болған адамдар жайлы естеліктерге құрмет көрсеткеніміз сияқты, болашақ ұрпақ үшін қолда бар рухани, материалдық байлығымызды мұра етіп қалтырғымыз келеді. Алайда, олардың биологиялық (немесе жасанды) денелері болмаса да, адамгершілік қасиет арқылы олардың алдындағы жауапкершілікті сезінеміз. Бұдан көретініміз, біреуге адамгершілікпен қарым-қатынас құрып, оны құрметтеу үшін оның тірі болуы шарт емес.

Сәйкесінше, күндердің күнінде ақылды роботтарға да құрмет көрсету мәселесі абстрактілі академиялық тақырып болмауы мүмкін. Сол себепті де, цифрлық дәуірдегі өзгерістер адам баласының ақылына сыймайтын дүниелерге бастап, таңғажайып жаңалықтарға жол ашуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: independent.co.uk

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар