07 ақп, 2017 сағат 13:16

Акционерлер Цукербергті Facebook әлеуметтік желісінің басшысы қызметінен алып тастауды ұсынды

Facebook әлеуметтік желісінің бір топ акционері Марк Цукербергті компанияның басқарма төрағасы қызметінен алып тастамақшы. Бұл туралы RusBase порталы VentureBeat басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ұсынысқа себеп ретінде "директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасы компания басшыларының жұмысын жақсырақ қарайды, корпоратив басқаруды жақсартады және акционерлер үшін даму бағдарламасын жасап береді" дегенді айтып отыр. 

Осындай ұсыныс Facebook акционерлерінен келіп түскен, олар SumOfUs бақылау комиссия тобының тұтынушылар мүшелері. Ұйым өзін интернет қоғамдастық ретінде таныстырады, олар жаһандық мәселелер яғни климаттың өзгеруі, адам құқығына қысым жасау, сыбайлас жемқорлық және тағыда басқа мәселелерде корпорацияны жауапты деп санайды. 

SumOfUs сауда капиталының кеңесшісі Лайза Линдсли (Lisa Lindsley) 333 мың адам петицияға қол қойған, оның 1,5 мың адамы - әлеуметтік желінің акционерлері. Оның айтуынша, SumOfUs төрт мүшесінің акциясы Цукербергті орнынан алып тастауға шамасы жетеді. 

Басылымның мәліметінше, бас директордың басқарма басшылығында болуы әлемге тараған тәжірибе, мысалы Tesla, Bank of America, Walt Disney Company, IBM, Amazon, Netflix және тағыда басқалар. Facebook бұл ұсыныспен келісуі екіталай, себебі Цукерберг компанияның ең көп акцияның иегері. Осы мәселе әлеуметтік желінің қаржылай көрсеткішінің өзгеріске ұшырауы мүмкін, дейді VentureBeat.

kaz.tengrinews.kz