#
#
Бейсенбі 29/06/2017

Ақтөбедегі терактіден зардап шеккендерді еске алу видеосы жарияланды

  • 05.06.2017
  • 0
  • 395

Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға бір жыл толуына орай ғаламторда террорлық акті салдарынан зардап шеккендерді еске алуға арналған видео пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Экстремистер қолынан қаза тапқан адамдар жайлы естеліктер сол күндерден қалған видеожылнамалар арқылы беріледі.

Аталған роликті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен «КТК» телеарнасының түсіру тобы және «Казконтент» АҚ бірлесіп әзірлеген.



Еске сала кетсек, 2016 жылы 5 маусымда радикалды ағымдардың бір топ мүшесі Ақтөбедегі екі бірдей қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімшеге шабуыл жасаған болатын. Шабуыл кезінде жеті адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды. Антитеррорлық операция кезінде 13 қылмыскердің көзі жойылып, тоғызы ұсталды.

Ақтөбедегі террорлық акті кезінде қаза тапқан әскерилер мен тұрғындар:

«Паллада» қару дүкенінің сатушысы Андрей Владимирович Максименко, 1978 жылғы,
зейнеткер Николай Алексеевич Онищенко, 1947 жылғы, «Паллада» дүкенінің қасынан өтіп бара жатқан,
«Күзет» қызметкері Мерхан Есенбайұлы Тәжібаев, 1983 жылғы,
Михаил Витальевич Матросов, 1981 жылғы, «Пантера» дүкеніне келуші.
Әскери қызметкер Досбол Еркінбекұлы Сапар, 1997 жылғы, ОҚО-дан,
әскери қызметкер Даниэль Ақарысұлы Майлыбаев, 1975 жылғы, Алматыдан,
әскери қызметкер Берік Ерланұлы Қалиев - Оралдан, 1978 жылғы.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар