#
#
Сейсенбі 10/12/2019

Ақтөбеде жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

  • 21.11.2019
  • 0
  • 235

Ресейден Түркістанға бағыт алған автобус жолда тоқтап қалды. Жолаушыларды полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен жол тазалаушылар жылыту бекетіне жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тасжолында бақылау жүргізген полиция қызметкерлері тоқтап тұрған автобусты байқаған. Тексеру барысында автобустың Ресейдің Самара қаласынан Түркістан облысының Сарыағаш қаласына бет алғаны анықталды. Салонда 55 жолаушысы бар автобустың жолда жылыту жүйесі қатып қалған. Патрульдік полиция жасағы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен «Қазавтожол» мекемесінің мамандарымен бірлесіп, жолда қалған азаматтарды эвакуациялады.

 

«Автобустағы 55 жолаушыны Хромтау ауданына қарасты Бөгетсай ауылының ауылдық клубына жеткізді. Оларға ыстық шай беріп, тамақтандырып, орналастырды. Тәртіп сақшылары мен ТЖД қызметкерлері автобустың ақауын жөндеп, жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетіп жатыр. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Ақтөбе облысы полиция департаменті, ТЖД және жол қызметкерлері өзара жедел ақпарат алмасып, кептелістерді жою, төтенше жағдайлардың алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Ортақ ақпараттық байланыс орнады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар