19 қыр, 2019 сағат 11:23

Ақтөбеде жолаушылар автобусынан граната табылды

Ақтөбе шекара отрядының өткен түнде «Орынбор – Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар автобусынан граната тауып алды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жолаушылар көлігін тексеру барысында қызметтік иттің және техникалық құралдардың көмегімен артқы орындықтардың астынан 1 дана граната тауып алды. Оқиға орнына тиісті мамандар шақырылып, жарылғыш зат қауіпсіздендірілді. Шекарашылар қауіпті заттың иесін анықтап, ұстады. Ол осы автобуспен келе жатқан, 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты», - делінген хабарламада.