29 нау, 2020 сағат 18:13

Ақтөбеде үш баланың анасы асулы күйінде табылды

Ақтөбеде 33 жастағы әйел асулы күйінде табылды. Полиция мәліметінше, ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, кешірім сұраған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«28 наурыз күні таңертең «Волга» гараж кооперативінің артынан 33 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынының мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама жүргізу барысында дене жарақаттары мен зорлық-зомбылық белгілері анықталмадын. Сондай-ақ, марқұм өзіне қол жұмсар алдында әлеуметтік желідегі парақшасында хат жазып, туыстарынан кешірім сұраған», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Қазір өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.