31 нау, 2020 сағат 17:22

Ақтөбеде той өткізген демалыс орнының иесі жазаланды

Ақтөбеде төтенше жағдай режимін бұзғандарға айыппұл салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимін бұзған 74 дерек тіркелді. Көбіне дәмханалар мен дүкендер уақытылы жұмысын тоқтатпаған. Сонымен қатар сатушылар бетперде кимеген, ал демалыс орындарының бірі той өткізген. 

«Қарғалы ауылындағы демалыс базаларының бірі той өткізген. Демалыс орталығының иесіне 26 500 теңге айыппұл салынды. Барлығы ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады. Анықталған 74 фактінің ішінде 8 дерек бойынша тәртіп бұзғандар қамалды, 32-сіне айыппұл салынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Мәртөк ауданының Жайсаң көпбалалы колледжінің интернат үйінде карантинде жатқан ақтөбелік ережеге бағынбай видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген. Сот шешімімен әкімшілік жауапқа тартылып, 26 510 теңге айыппұл төледі.