#
#
Жексенбі 29/03/2020

Ақтөбеде тағы бір қаржылық пирамида тергеуге алынды

  • 22.02.2020
  • 0
  • 199

Ақтөбеде «Гарант 24 ломбард» қаржылық ұйымы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бұған дейін екі қаржылық ұйымның салымшылары сан соғып қалған болатын.

Бүгін тағы бір ұйым - «Гарант 24 ломбард» ЖШС-ға қатысты шу шықты. Ақтөбеліктер ЖШС кеңсесіне барып, ақшаларын қайтара алмай, дал болды.

«Келісімшарт қолымызда. Бас кеңсе Нұр-Сұлтан қаласында деп жазылған. Ақшаны алып, пайыздық үстемеақымен қайтарып беруге уәде етті. Кеше адамдар кесте бойынша салған ақшасының бір бөлігін алуы тиіс еді, бермеген. Бірақ сол кезде де адамдардың өз қаржысын салғанын көрген», - деді тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, салымшылар кеңсеге кіргенде полиция шақырылған.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Зиядин Күнбасовтың айтуынша, «іздестіру, мәселенің мән-жайын анықтау жұмысы жүріп жатыр, тексеру басталды».

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар