18 қаң, 2018 сағат 14:55

Ақтөбеде облысындағы автобус өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбедегі автобустың өртену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Ерболат Сарқұлов хабарлады.

"Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша біріңғай реестрге тіркелді", - деп хабарлады Сарқұлов.

Осы бапқа сәйкес белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.

"Бастапқы алдын ала нұсқа - қысқа тұйықталу. Қазір бұл нұсқа да өзгелермен қатар тексеріліп жатыр", - деген еді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.