#
#
Сенбі 18/01/2020

Ақтөбеде мектеп оқушысы баланың еміне жиналған ақшаны жымқырды

  • 09.12.2019
  • 0
  • 142

Ақтөбеде мектеп оқушысы алаяқтық жасады деген күдікке ілікті. Ол науқас баланың еміне жиналған 800 мың теңгеге жуық қаржыны алып кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полиция бұл істі ұзақ уақыт тергеді. Екінші деңгейлі банк қосымшасы арқылы баланың еміне жиналған 790 мың теңге ұрланған. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу әлі жалғасып жатыр.

«Жәбірленушінің баласы туа бітті мүгедек болған. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы емханаға қажетті ақшаны халықтан көмек сұрап жинады. Ота жасауға қажетті қаржы жоғалған кезде арыз түсірді. Криминалдық полиция қызметкерлері мақсатты жұмыс істеп, желтоқсан айының басында Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде білім алып жүрген 16 жастағы оқушыны анықтап, ұстады. Күдікті арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы «WhatsApp» желісімен хат алмасқан. Сол кезде жәбірленушінің ұялы телефонына электронды сілтеме жасап, ақпараттық жүйеге заңсыз кіріп кетті. Банк картасының есепшотын, оның құпия санын біліп, «Steam» ойын аккаунттарына ақша аударды. Әрі электронды ақша (Bitcoin) сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар