06 жел, 2019 сағат 11:01

Ақтөбеде халық саны жарты миллионға жетті

Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын өмірге келді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында өмірге келген Әлинұр Жалғасбай қаланың 500 мыңыншы тұрғыны атанды.

«Ер бала аман-есен өмірге келді. Салмағы – 3060 келі, бойы – 53 см. Биыл 10 айда перинаталды орталықта 6 мыңнан астам бала дүние есігін ашты» деді бас дәрігердің орынбасары Анар Әмірқұлова. Жас ананы қала әкімі Мавр Абдуллин құттықтап барды.