#
#
Жұма 18/08/2017

Ақтөбеде имамдар мен жат ағым жетегінде жүргендер боулинг ойнады

  • 31.07.2017
  • 6
  • 1016

Ақтөбе қалалық мешіті дін өкілдері мен теологтардың, жат ағым жетегінде жүргендердің арасында боулингтен жарыс өткізді. Жарысқа барлығы 17 команда қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы 10 мешіттің имамы мен жамағат, «Аңсар» ақпараттық - талдау орталығының теологтары, жат ағым жетегінде жүргендер бүгін боулинг ойнап, өзара пікір алмасуға келісті.

«Намазхандардың ауызбіршілігін арттыру үшін біз боулингке келдік. Боулингке Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында тұратын екі жігітті алып келдім. Екеуі де жат ағым жетегінде жүр. Олардың бірі ас ішіп болған соң бет сипап, бата беруді бұрыс санайды. Жастардың көзқарасын түзеп, ойын өзгерту үшін көпшілік арасына шақырдық. Жігіттер қарсы болмай, келісім берді. Жат ағым мен дәстүрлі жолды ұстанатындар бір жерде кездессе, бәрі жақсы жағына өзгереді», - деді Қандыағаш орталық мешітінің наиб имамы Әсемхан Ерғазин.

Мешітке барып, намаз оқитындар да шақыруды қабыл алған. Кейбірі бұрын боулинг ойнаған, кейбірі ауыр допты бүгін қолына алғаш ұстап тұр.

«Студент кезде боулинг ойнадым. Ақжар ауылындағы мешіт имамы боулинг ойнайтын жамағатты шақырғанда бірден келісім бердім. Бұл жақсы ой екен», - мешіт жамағаты Жанас Иманғазин.


6 пікір

  • ЕдігеДүйсенбі, 31.07.2017

    Тақырыпты ашып жазсаңыздаршы, оқырманды екіойлы қып қоймай.

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР