24 ақп, 2020 сағат 16:12

Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард» филиал директорына іздеу жарияланды

Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард» ЖШС–нің филиал директорына іздеу жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе қаласындағы «Гарант 24 Ломбард» қаржылық ұйымына қатысты Қылмыстық кодекстің 217- бабы, 3-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, яғни «Қаржы пирамидаларын құру және басқару» бабымен іс қозғалды.

«Қаржы пирамидасының әдісі бойынша тез пайда табуды ұсынды, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөлікті нарықтағы құнынан 30% қымбат бағаға сатып алатынын айтады. Кейіннен мүлікті нарықтық бағадан 30 пайызға арзандатып сатып отырған. Сонымен қатар әрбір клиент үшін салымшыға салым сомасының 5% қосып отырды. Тексере келе «Гарант 24 ломбард» ЖШС-і Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан азаматының атына тіркелгені анықталды.Қазір компанияның облыстық филиал директоры іздестіріліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, тек Ақтөбе облысында 10 мыңнан астам адам осы қаржылық ұйымға ақша салған. Ғимарат ішінен оргтехника құралдары, сондай-ақ азаматтар мен «Ломбард 24 гарант» ЖШС арасындағы 11 мыңға жуық келісімшарт табылды.