03 шіл, 2017 сағат 16:19

Ақтөбеде екі құрылыс краны үйге құлады (Фото, Видео)

Без комментарий... Батыс 2 #zello_aktobe

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

Ақтөбеде алапат дауыл болып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Батыс-2 ауданында 2 кран құлап қалды. Кран 9 қабатты тұрғын үйдің үш балконын қиратып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның 12.26-да болғанын айтып, желдің жылдамдығы секундына 18 метр болғанын хабарлады.  

"Құрылыс алаңында қатты соққан желдің салдарынан екі үлкен кран құлады. Соның салдарынан салынып жатқан тоғызқабатты үйдің лоджиялары мен бірінші қабаттағы пәтердің терезелері бүлінген. Зардап шеккендер жоқ", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Оқиға куәгері Ақмарал Нұрсұлтанқызының айтуына қарағанда, қатты дауыл соққан кезде алдымен бір кран құлап, кейін екіншісін сүйреп кеткен. Шатырлар ұшып, тұрғын үйлердің ауласындағы көліктер зақымданған.


Айта кетейік, желдің жылдамдығы секундына 20 метр болуына байланысты Ақтөбеде ескерту жарияланды.