#
#
Сенбі 30/05/2020

Ақтөбеде екі айлық сәби індетке шалдықты

  • 22.05.2020
  • 0
  • 135

Ақтөбеде соңғы тәулікте 9 адам індетке шалдықты, оның біреуі екі айлық нәресте, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысы бойынша 21-56 жас аралығындағы әйелдерден және екі жастағы нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталды.

«Олардың ішінде бесеуі бұған дейін коронавирус анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, біреуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, екеуі профилактикалық мақсатта тексерілген, бір науқас өзі еркімен сынама тапсырған кезде анықталған. Қазіргі уақытта індетке шалдыққандар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтары дезинфекцияланды», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңірде барлығы 242 адам індетке шалдықса, оның 164-і емделіп шықты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар