25 қар, 2017 сағат 13:15

Ақтөбеде ДАИШ қатарына қосылуға шақырған 4 адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарының қызметкерлері Ақтөбенің төрт тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 қараша күні ҰҚК ішкі істер органдарын қатыстырумен терроризмді насихаттау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Ақтөбе қаласының 4 тұрғынын ұстауды жүзеге асырды. Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар алынды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл адамдар тұрақты түрде жиындар ұйымдастырған деген күдікке ілінген, олардың барысында дінге сенушілерді Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттегені айтылды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.