27 қыр, 2019 сағат 07:00

Ақтөбеде басқарма бастығының орынбасары 400 мың теңге пара алған

Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары полиция полковнигі пара алды деген күдікпен қылмыстық істі тергеуде. Аталған лауазымды тұлға жұмысқа орналасу кезінде көрсеткен көмегі үшін көлемді мөлшерде 400 000 теңге сомасында алынған параны азаматшаға қайтару кезінде ұсталды», делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Агенттік мәліметінше, күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.