#
#
Жұма 18/10/2019

Ақтөбеде балаларға діни кітап таратқан ұйым іздестіріліп жатыр

  • 08.10.2019
  • 0
  • 192

Ақтөбеде жазғы демалыста тегін лагерьге барып, діни кітап таратқан ұйым іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқушылардың бірі жазғы демалыста тегін лагерьге барғанымен оның анасы дәл мекенжайын білмейтін болып шықты. Тек күн сайын көлікке мінгізіп жіберетін болған.

«Ата-ана баланың қай жерге барып жүргенін мүлде білмеген. Екі күн көлікке мінгізіп жіберіп, үйдің жанынан күтіп алған. Баланың айтуынша, лагерьде ойнаған, тамақ ішкен, соңғы күні кітапты пакетке салып берген. Қазір мектеп инспекторы мен психолог оқушымен әңгіме жүргізіп жатыр. «Нұр» лагері екенін біледі. Оқиға маусым айында, демалыс кезінде болған. Таяуда отағасы қайтыс болып, кітапты молда көріп қалған. Әлеуметтік желіге салып жіберген де солар. Біздің мектептің басқа оқушысынан мұндай оқиға естімедік», - деді №71 орта мектептің директоры Лаура Досхожа.

Қазіргі уақытта мектептегі ана-аналар жиналысына теолог шақырылды.

«Діни кітаптардың қайда таратылғанын, қандай діни бірлестік бергенін анықтаймыз. Жобамен інжілдік-христиан баптистік ұйымы деп отырмыз. Олар 2012 жылы ресми тіркелген», - деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар