#
#
Жұма 19/04/2019

Ақтөбеде автобусы бұзылып, жолда қалған 51 Өзбекстан азаматына көмек көрсетілді

  • 11.02.2019
  • 0
  • 276

«Самара - Шымкент» тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды. Ақтөбедегі төтенше жағдайлар қызметі жолаушыларды қауіпсіз жерге тасымалдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Самара - Шымкент» тасжолының 668 шақырымында, яғни, Сарытоғай ауылы маңында «Setra» маркілі автобус бұзылып қалды. Жүргізушілер 10 ақпан күні сағат 03:00-де төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұраған. Себебі, автобуста компрессор істен шыққан.

«Автобуста барлығы 54 адам болды. Оның 51-і Өзбекстан, үшеуі Қазақстан азаматы. Құтқару жұмыстарына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік және жол-патрульдік полициясынан 2 адам, 1 автокөлік жіберілді. Барлығы 52 адам Сарытоғай ауылында орналасқан «Жолсерік» кемпингіне орналастырылды, ал 2 жүргізуші автокөлікті жөндеу үшін автобус ішінде қалды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар