#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Ақтөбеде автобустарға онлайн төлем жүйесі орнатылуда

  • 23.09.2019
  • 0
  • 1510


Ақтөбе қаласындағы автобустарға электронды төлем жүйесін енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Яғни, бұдан кейін кез келген банк картасы арқылы жол жүру ақысын төлеуге болады.

Қала әкімі Мавр Абдуллиннің айтуынша, «ПАТП» ЖШС-нің 8 маршрутында валидатор орнатылған. Қыркүйек айының 25-не дейін «ПАТП»  автобустарының барлығында осы жүйе іске қосылады.

«Біз қазіргі уақытта банктермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Тұрғындар төлемді 3-6 айдың ішінде банк аударымымен төлеуді үйрену үшін картаға төлем сомасының жартысы қайтарылады. Біз содан кейін 1 қаңтарға дейін бекітілген тарифті енгіземіз. Жолаушылар карточкалық төлем жасаса бір сома көлемінде болады. Егер қолма қол төлем жасайтын болса әлдеқайда қымбат. Бұл ретте, жол жүру ақысын электронды түрде төлеу процесі сенімділікке, тасымалдаушы компанияларға қызметкерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді», - дейді қала әкімі.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин қаладағы қоғамдық көліктердегі электронды төлем жүйесі процесін бақылау үшін №46 автобусқа арнайы отырып, «Ұшу училищесі» аялдамасынан «Сазды» аялдамасына дейін  барды. Өңір басшысы қолданыстағы электронды төлем жүйесінің әлі де жетілдіру керек тұстарын тілге тиек етті.

«Автобусқа карточкалық төлем жасағанда аздаған қолайсыздықты байқадым. Нақтырақ айтқанда, карточкалық төлем жасайтын валидатор кондукторда болмауы керек, ол бөлек орналасқаны дұрыс. Сонымен қоса қағаз жүзіндегі чек қаншалықты қажет? Міне, осы секілді аздаған мәселелердің барлығын техникалық тұрғыда қарастыру керек», - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі қаладағы аялдамаларды жақсартуды, жүргізушілер мен кондукторларға әдемі форма киюді және жалпы қызмет көрсету мәдениетін жақсартуды тапсырды. Оңдасын Оразалин қоғамдық көлікпен жүру ақысының жоғарыламайтынын және ескі автобустар жаңаға ауыстырылатынын да атап өтті.

Айта кетсек, аймақта көлік және коммуникация саласын цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған. Қазіргі таңда қаладағы 350 автобусқа GPS-трекер орнатылып, «AktobeBUS» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қосымшаны қала тұрғындары Play market немесе Аpp Store арқылы жүктеп алып, автобус бағыттары мен қозғалыстарын бақылай алады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар