#
#
Жұма 15/11/2019

Ақтөбеде алтын бұйымдармен жерленген адам табылды

  • 25.10.2019
  • 0
  • 958

Зерттеушілер Ақтөбе облысында алтын бұйымдарымен жерленген адамды тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Темір ауданының Тасқопа ауылы бұрын қала болған. Қала орнын зерттеуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин қолдау білдіріп, Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың басқаруымен екі ай бойы қазба жұмыстары жүргізілді.

«Қазба жұмыстары тамыз айында басталды. Барлығы 15 қорған анықталып, биыл 4 қорған зерттеліп жатыр. Біреуінен «алтын адам» табылды. Нақты айтқанда белдігі, дулығасы, түрлі бұйымдар алтындатылған. Қазір зерттеу жүргізіліп жатыр. Тариха сүйенсек, бұл жерде сарматтардың ескерткіші бар. Табылған қорым біздің заманымызға бейінгі V ғасырға жатады. Мұндай жерлеу тек тайпа көсеміне тән», - деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов.

Табылған алтын бұйымдар Алматыға зерттеуге жіберіледі.

«Тасқопа қорымы ауылдан 2 шақырым жерде орналасқан. Біз алдағы уақытта бұл жерден де құнды жәдігер табылады деп үміттенеміз», - деді Ж.Қалмағамбетов.

Айта кетейік, Тасқопадағы қорым алдағы үш жылда зерттеледі. Негізі қорым бұрын тоналып кеткен. Бұл жолы алтын бұйымдармен жерленген адам 5 метр 70 см табылып тұр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар