06 жел, 2019 сағат 11:02

Ақтөбеде 500 мыңыншы тұрғын дүниеге келді

Ақтөбеде халық саны жарты миллионға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында өмірге келген Әлинұр Жалғасбай қаланың 500 мыңыншы тұрғыны атанды.

«Ер бала аман-есен өмірге келді. Салмағы – 3060 келі, бойы – 53 см. Биыл 10 айда перинаталды орталықта 6 мыңнан астам бала дүние есігін ашты», - деді бас дәрігердің орынбасары Анар Әмірқұлова.

Жас ананы қала әкімі Мавр Абдуллин құттықтап барды.