20 қаң, 2021 сағат 10:00

Ақтөбе тұрғыны банк өкілімін деп хабарласқан адамға сеніп, 1,2 млн теңгесінен айырылды

Ақтөбе тұрғыны өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырған алаяққа сеніп, 1,2 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыс аумағында алаяқтар көбейді. Олар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, ақшаны ұрлауға тырысады. Көп жағдайда жүйе қарапайым – олар sms кодтарын және шоттар мен карталар туралы басқа құпия ақпаратты алуға тырысады. 

Алаяқтықтың осындай түріне 53 жастағы қала тұрғыны тап болды. Белгісіз мобильді нөмірден банктің «қауіпсіздік қызметінің» қызметкері ретінде бейтаныс адам қоңырау шалған. Қаскүнем, алаяқтар оның шотын бұзуға тырысып жатыр деп сендіріп, олар мұны істей алмауы үшін оған SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды ұсынды. Кодты алған алаяқ 2 несие рәсімдеген. Жалпы шығын 1 миллион 250 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Осындай жайсыз жағдайлардың алдын алу үшін, ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттар мен карталарға қатысты SMS-код және басқа дербес ақпаратты айтуға болмайды. Аздап болса да күмән туындаған жағдайда, ешқандай әрекет жасамау керек және операцияны растаудың қажеті жоқ»-деді айтты ПД бастығы Атығай Арыстанов.

«Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хаттарды жібермейді немесе клиенттердің телефондарына хабарласып, шот деректерін беруін сұрамайды. Ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті ақпарат банктерде бар»,-делінген полиция ақпаратында.