31 қаз, 2017 сағат 08:18

Ақтөбе облысында бес жылда 500 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады

Ақтөбе облысында кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі Жол картасы сәтті іске асырылуда: қазірдің өзінде 13 кәсіпорын жаңғыртылды. Ағымдағы жылдың  аяғына дейін тағы да 5 кәсіпорын жетілдірілетін болады. 20 кәсіпорынды технологиялық жаңғыртудың жалпы құны – 20 млрд теңге.

- Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын Ақтөбе облысы белсенді іске асыруда.  Кәсіпорындарды жаңғырту жөніндегі Жол картасы аясында, ағымдағы жылы  15 өндіріс қайта құрылды және технологиялық жаңғыртылды. Олардың қатарында «Восход-Oriel» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, Ақтөбе болат қорыту зауыты, «Энергосистема» ЖШС, «АХҚЗ» АҚ және т.б. бар, - деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференцияда  өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. 

Бұдан басқа, облыс әкімінің мәлімдеуі бойынша ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы да 5 өндірісте технологиялық жетілдіру жөніндегі жұмыстар аяқталатын болады.

- Бұл еңбек өнімділігін 9% арттыруға, өнімді шығару мен қайта өңдеудің өзіндік құнын  3%  және жарақаттану деңгейін  10% төмендетуге, сондай-ақ  экологиялық ахуалды жақсартуға және жаңа бағыттарды іске қосу есебінен шығарылатын өнімнің  түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік береді,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. 

Алдағы  5 жыл ішінде  жалпы сомасы 400 млрд теңге болатын облыс кәсіпорындарында жабдықтарды жаңғырту мен технологиялық үдерістер жүргізілетін болады.