24 мам, 2018 сағат 15:08

Ақтөбе облысында 562 баланың ата-аналары екпе жасауға келісім берді

Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары профилактикалық екпелердің қажеттілігін түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 562 баланың ата-анасы екпе жасауға келісім берді.

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі облыс аумағында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясы барысында департамент басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтқан болатын.

«Екпеден бас тартушылармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біздің мамандардың ата-аналарменкездесулерінен кейін562 бала профилактикалық екпелерін ала бастады. Бірақ, өкінішке орай, бүгінгі күні шамамен 2,6 мың адам әлі де вакцинациядан бас тартып  отыр. Бас тарту - ата-анасының алдамшы бірбеткейлігі, соның әсерінен балалары зардап шегеді.  Кәмелетке толмағандардың тағдыры қолдарында бола тұра, олардың денсаулықтарын ойламай, өз ойлары мен сенімдеріне берік болған ата-аналар екпеге қарсы ұстанымын, көзқарасын қорғауда. Бұл жағдайда екпеден бас тарта отырып, баланың өмірі мен денсаулығын қауіпке ұшыратудан ата-аналарды ешнәрсе ақтай алмайды», - деді Нұрсұлу Беркімбаева.

1970-ші жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өткізілген табиғи шешекке қарсы егулер бүкіл әлемде шешек ауруының толық жойылуына әкелді. Балалар мен ересектерге жүргізілген күлге қарсы жаппай егу нәтижесінде жоғары иммундық топ құрылды. Ақтөбе облысында 1998 жылдан бастап, бір де бір адам күл ауруымен, 1985 жылдан бері полиомиелит ауруымен ауырмаған. Иммундаудың арқасында қызылша ауруыныңтаралуына толық бақылауға қол жеткізілді. Осылайша,  2016 жылы  республика бойынша аурушаңдық 2015 жылмен салыстырғанда 19,5 есе төмендеді (2015 жылы - 2341 жағдай, 2016 жылы - 122 жағдай).

«Бірақ, соңғы жылдары халықтың жұқпалы аурулардың ауыр асқынуға және өлімге әкелуін ұмытып, профилактикалық егулерден көбірек бас тарта бастау салдарынан вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың қауырт таралу қаупін арттырды», - деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, екпемен қамту деңгейінің төмендеуі ұжымдық қорғаныстың жоғалуына, яғни жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына әкеледі.

«Кезінде Қазақстандағы иммундау жұмысының бұзылуы ауруға бейім тұлғалардың жинақталуына және күл ауруының қауырт таралуынажол берді. Сол кезде 1995 жылы республикада 1105 адам науқастанған, соның ішінде 66 адамды, өкінішке қарай, құтқарумүмкін болмады. Қауіпті аурулар циклдік сипатқа ие екендігін атап өту керек. Белгілі бір кезеңде олардың таралу қаупі бәсеңдеуі мүмкін. Қазір біз инфекциялардың өсу циклі жағдайында өмір сүрудеміз. Сондықтан қоғамдық денсаулық сақтау департаменті халықты вакцинациялау бойынша табанды жұмыстар атқаруда. Аталған жұмыстар Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің органдары мен ұйымдарының эпидемиологтары, бактериологтары, вирусологтары және санитариялық дәрігерлерімен жүргізілуде. Бүгінгі күні облыстық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінде 55 эпидемиолог, 101 бактериолог және 80 санитариялық дәрігерлер жұмыс жасайды. Ол мамандардың 56%-ның біліктілік санаттары бар», - деді Н. Беркімбаева.