19 шіл, 2018 сағат 12:38

Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің экономика мәселелері жөніндегі жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл қызметке бұрын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған Олжас Смағұлов тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл тағайындау ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді.

Олжас Смағұлов Атырау облысы әкімінің аппаратында, Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы және Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары болған.

2017 жылдың сәуірінен Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.