#
#
Бейсенбі 19/04/2018

Ақтөбе қалалық əкімдігінің күзетшісі өз-өзіне қол салды (Видео)

  • 09.01.2018
  • 0
  • 634

Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет қызметінің инспекторы Байбек Қарымсақов жұмыс уақытында өз-өзіне қол жұмсады. Ол қызметтік тапаншасымен басынан атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық əкімдігіндегі оқиға кеше кешкісін тіркелді. Жұмыс уақытында күзет қызметкері тапаншасымен өзін басынан атқан. 35 жастағы қызметкер оқиға орнында қаза болды.

«Байбек Қарымсақов 7 жылдан бері күзетте жұмыс істейді. Оның екі баласы бар, əйелі үшіншісіне жүкті. Кіші лейтенант Ырғыз ауданының тумасы», - деді Ақтөбе облыстық мамандандырылған күзет басқармасының орынбасары Руслан Маханов.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Күзет қызметкері ПМ-9мм қаруын қолданған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар