19 шіл, 2018 сағат 19:00

«Ақтөбе Дарыны-2018» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың төрағалығымен Ақтөбе қаласының әкімі жанындағы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Жиын барасынла «Ақтөбе Дарыны-2018» байқауының  қалалық деңгейінде іріктелген байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болды.                 

«Ақтөбе Дарыны-2018» байқауының негізгі мақсатыЕлбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылығымызды насихаттау; Қазақ халқының туған жерге, рухани дәстүрге, ұлттық санаға, білім мен тәрбиеге деген озық дәстүрлері мен ұстанымдарын насихаттай отырып, дарынды жастарды іріктеу; Жас мамандарымыз бен өнер адамдарының шығармашылық дамуына жағдай жасау; Жастардың өз дарыны мен шеберлігін көрсетуге мүмкіндік жасау және ынталандыру;

Аталған байқауға қатысуға барлығы 400 қатысушы тілек білдіріп, байқау талаптарына сәйкес 12 қатысушы іріктеліп алынды.  

«Ақтөбе Дарыны-2018» байқауға қатысушылардың барлығы білімдегі, қоғамдық еңбектегі, өнердегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін паш етіп көрсете алғандар қатарында.

Осы байқауда Ақтөбе қаласы бойынша жеңімпаздарды айқындау жөніндегі комиссиясының шешімімен іріктеуден жоғары нәтиже көрсетіп төмендегі номинацияларды иеленген қатысушылар:

  1. Наренова Мөлдір - Ғылым номинациясы;
  2. Кинбаев Оразбек - Өнер номинациясы;
  3. Сатыбалды Ақерке - Журналистика номинациясы;
  4. Сейдалы Олжас - Қоғамдық қызмет номинациясы;
  5. Дуля Ольга - Спорт номинациясы;
  6. Уразов Нұржан - Эстрада номинациясы;
  7. Серік Азамат - Жыл студенті колледж  номинациясы;
  8. Айбазар Нұрталап - Жыл университет студенті номинациясы;
  9. Чыгырбаева Курбанай - Жыл волонтері номинациясы;
  10. Кубаева Алтынай - Ерлігі үшін номинациясы;
  11. Демеужан Батыржан - Қысқы спорт номинациясы;
  12. Сарин Есет - Заманауи шығармашылық номинациясы

Байқау жеңімпаздарына Ақтөбе қаласы әкімінің дипломдары мен естелік сыйлықтар табысталды.