18 сәу, 2019 сағат 13:11

Ақтауда кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адам тұрғындардың ашуын туғызды (Видео)

Ақтауда кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адам тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sputnik жергілікті "Лада" порталына сілтеме жасап.

Оқиға қаланың 17-ші шағын ауданындағы "Айрақты" тұрғын үй кешенінің маңында болыпты. Куәгер болған жайтты ұялы телефонының камерасына түсірген.

Видеода ер азамат кішкентай қызды көліктен алып шығып, қатты итеріп жібереді. Бүлдіршін жерге құлап түсіп, тәлтіректеп орнынан тұрады да, басқа көлікке қарай жүгіре жөнеледі.

Басылым Маңғыстау облысы полиция департаментінен осы жайтқа қатысты ресми түсініктеме беруді сұрады.