22 мам, 2020 сағат 10:26

Ақсудағы алтын өндіретін зауытта трансформатор жанды

18 мамырда Ақмола облысындағы Ақсу кентінде «Қазақалтын» АҚ ТМК аумағында трансформатор отқа оранды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті «РЦШ ПВАСС» ЖШС Ақмола филиалының мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің күші сөндірді. 

«Бейнежазбада, өрт болған жерде «Қазақалтын» мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі жүргені жазылған. Степногор қаласының өрт сөндіру қызметіне өрт фактісі туралы хабарлама келіп түскен жоқ» деп мәлім етті Төтенше жағдайлар комитеті. 

Яғни өртті кәсіпорынның өз қарамағындағы ұйым сөндірген. 

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтық қорғау туралы» заңның 67-бабына сәйкес, ел аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыс істейді, олар заңды ұйымдар жанынан құрылады және ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігіне жауап береді.