28 қар, 2018 сағат 16:15

АҚШ-тың киносыншылар кеңесі жыл фильмін атады

АҚШ киносыншылар Ұлттық кеңесі жылдың үздік фильмі ретінде американдық режиссер Питер Фаррелидің «Жасыл кітап» (Green book, 2018) атты картинасын атады, деп хабарлайды Deadline Hollywood порталы.

«Бұл тамаша достыққа деген жылы әрі шынайы көзқарас, ол махаббат оқиғасы мен аяныш және адамгершілік сезімі жаңғырған сәттің экранға шығарылуы», - деп бөлісті лента туралы пікірімен кеңес директоры Энни Шульхов.

Үздік режиссер атағына «Жұлдыз жанды» (A Star is Born, 2018) картинасын шығарған Брэдли Купер ие болды.

Үздік актер - «Жасыл кітапта» Мылжың Тонидің рөлін сомдаған Вигго Мортенсон, ал үздік актриса - «Жұлдыз жанды» фильміндегі рөлі үшін Леди Гага атанып отыр.

Марапаттау рәсімі 8 қаңтар күні NBR Awards гала-концертінде өтеді.