01 жел, 2018 сағат 09:10

АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш өмірден озды

АҚШ-та 95 жасқа қараған шағында елдің 41-інші президенті болған үлкен Джордж Буш өмірден озды, деп хабарлайды New York Times.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында АҚШ-тың 41-президентінің жұбайы Барбара Буш та қайтыс болған еді.

Бұрынғы президент Паркинсон ауруына шалдыққан болатын. Соның салдарынан мүгедектік арбасына да таңылған.

Үлкен Буш Рональд Рейганнан кейін 1989 жылдан 1993 жылға дейін Американы басқарды. Оның тұсында әлемдегі айтулы оқиғалар орын алды. Атап айтқанда, Берлин қабырғасы құлап, КСРО ыдыраған.

Оның үлкен ұлы Кіші Джордж Буш та Билл Клинтоннан кейін елдің 43-президенті болған.