30 жел, 2016 сағат 12:17

АҚШ-тан шығарылған Ресей дипломаттары елдеріне қайта алмай отыр

- АҚШ-тан шығарылып жатқан ресейлік дипломаттар Ресей Федерациясына билет сатып аларда кедергілерге тап болуда, деп жазды «Лента.ру» «Интерфакске» сілтеме жасап.

«Билет мүлдем жоқ, Жаңа жыл алдында бәрі сатылып кеткен. Дипломаттарға 72 сағат қана беріліп отыр, қалай үлгерерімізді білмеймін», - деді агенттікке сұхбат берген дипломаттардың бірі.

Оның айтуынша, ресейлік сыртқы ведомство өкілдері Мәскеуге билет табу мақсатында тез арада Вашингтоннан Нью-Йоркке келуге мәжбүр болған.

Сондай-ақ, Нью-Йорктегі дипломаттар тоқтаған «саяжайдың» айналасына полицияның жиналғаны хабарлануда.

Еске салайық, 29 желтоқсан күні АҚШ Вашингтон мен Сан-Францискодан ресейлік 35 дипломатты кері қайтарды. Бұл шара «Мәскеудегі америкалық дипломаттарға Ресей билігі тарапынан болған қысымға» жауап ретінде қабылданған.  Сол күні АҚШ президенті Барак Обама Құрама Штаттардың сайлау жүйесіне Ресей билігінің кибершабуылдарына байланысты Ресейдің ФҚҚ, бас барлаушы басқармасына, бірқатар ұйымдарға және алты жеке тұлғаға жаңа санкциялар енгізілгенін жария етті. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жаңа санкцияларға Ресей адекватты жауап беретінін мәлімдеді.