09 там, 2018 сағат 08:34

АҚШ-та ұсталған үш қазақстандық әйелге қатысты тың дерек шықты

Америка Құрама Штаттарында ұсталған үш қазақстандық әйелге ақшаны жылыстатуға қатысы бар деген айып тағылған.

Диора Әшірова, Әзиза Жалолова және Елена Құдайбергенованың ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы 8 тамызда өтіп, ұсталғандарға тағылған айып оқылды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі сот тыңдауы биыл қазан айында болады.

"Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы азаматтарымызға қажетті жәрдем көрсетіп, олардың туыстары және адвокаттарымен үнемі байланыста отыр", – деп мәлімет берді Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы.

Қазақстандық әйелдер Нью-Йоркте аса ірі алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Ақшаның ізін жасыру бойынша қылмыстық схемаға араласқаны үшін олар 20 жылдан 30 жылға дейін сотталуы мүмкін.

sputniknews.kz